HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің өткізілуіне қылмыстық істерді тергеу барысында тергеушілер мен анықтаушылар тарапынан қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу деректері себеп болды.
Осыған орай, семинар кеңесте сотқа дейін және сот талқылауы барысында прокурорлармен және соттармен анықталған заң бұзушылықтар талқыланды.
Жиынға Қызылорда облыстық сотының судьясы, облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлері қатысып, пікір алмасты.
Қылмыстық заңнаманың дұрыс қолданылмауы салдарынан өткен жылы 15 адамның конституциялық құқықтарының бұзылуына жол беріліп, қылмыстық істі тоқтату және мерзімін үзу туралы 285 шешімнің күші прокурорлармен жойылған.
Сондай-ақ, тергеу сапасына қатысты соттармен 23 жекеше қаулы шығарылып, 13 қылмыстық іс прокурорларға кері қайтарылған.
Бұдан бөлек, жиында республиканың басқа өңірлеріндегі қылмыстық қудалау органдарымен жол берілген заң бұзушылықтар бойынша Жоғарғы Соттың қаулылары мен шолулары талқыланып, мұндай заң бұзушылықтарды алдын-алу үшін ұйымдастырушылық жұмыстар атқару тапсырылды.
Семинар-кеңесте тергеушілер мен анықтаушыларға қылмыстық заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтап, заңды әрі негізді шешімдер қабылдау міндетті екендігі және заңсыз жүргізілген тергеу әрекеттері дәлелдеме ретінде жіберілмейтіні түсіндірілді.
Сонымен қатар 31.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Заң аясында қылмыстық процестің үш буынды моделі негізінде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Осы негізде семинар-кеңесте бірқатар түйіткілді сұрақтар қамтылып, олар бойынша ұтымды және түйінді жауаптар алынып, теориялық және практикалық ілімдер берілді.
Семинардың қорытындысымен адамдарды қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартуға жол бермеу, азаматтардың жеке бас бостандығына қолсұқпаушылық принципін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылданды.
Қызылорда облысының прокуратурасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!