Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш кентінің әкімі жылға жетпей ескерту алды

27.02.2020, 14:16 1311

Бұрын Жалағаш ауданының идеологиясымен (ішкі саясат бөлімі. – авт.) 4 жылдай айналысып, 2019 жылдың 8 мамырында Жалағаш кентінің әкімі қызметіне тағайындалған Ғалымжан Телібаевқа облыстық әдеп жөніндегі кеңесте «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Нақтырақ айтқанда, кент әкімі мердігерге ақы төлеу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезектілігін сақтамай, мерзімінен бұрын ақы төленуіне жол берген.

– Ғалымжан Қуанышұлы мердігер компанияға артықшылық көрсетіп, жұмыс бітпесе де ақша аударғаны үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін кент әкіміне «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсыну жөнінде шешім етті. Бұл жағдай лауазымды тұлғаға алдағы уақытта сабақ болады деп ойлаймын, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Ең қызығы, Ғалымжан Қуанышұлы 2003 жылы Қазақ Академиялық университетінде «Заңгер», 2009 жылы Шымкент университетінен «Экономист» мамандықтары бойынша білім алыпты. Оның үстіне мемлекеттік қызметте 15 жылға жуық еңбек өтілі бар. Қос бірдей білімі мен тәжірибесі толысқан кент әкімі мұндай кемшілікке қалай жол берді? Көптің көкейінде қалған сауал осы.

Сонымен қатар, облыстық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі Жаннат Дүзелбаева, Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тәртіптік комиссиясының жұмысы туралы департамент басшысының орынбасары Алия Абдикаимова баяндама жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: