Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асқар Жұмаділдаев: «Біздің ақындар оқырманға көп жалтақтайды»

14.02.2021, 10:00 672

– Кітап оқуда қандай да бір әдіс қолданасыз ба?

– Ешқандай әдісім жоқ, қазір көп те оқымаймын. Оқитыным сол – Абай ғана. Өйткені қысқа, мазмұнды жазады. Абайдың ұлылығы – барлық өлеңінің басыңнан істікпен ұрғандай әсер етуінде. Логикасы күшті. Сосын бұл кісі өлеңді біреуге ұнайын, оқырманға ұнайын, патшаға ұнайын деп жазбаған. Қазіргі ақындардың көбі ұсақ ойлайды. «Былай жазсам, оқырман қалай қабылдайды екен?» деген ой тұрады көкейлерінде. Бір жаңа бағыт өкілдері шыға қалса, сыншылар шулап шыға келеді. Тап бір баяғы, жүз жыл бұрынғы әдіспен жазу керек секілді. Бұлай болмауы тиіс.

Біздің ақындар оқырманға көп жалтақтайды. Бұл не өзі? «Көпте ақыл жоқ, ебін тап та жөнге сал» деп Абайдың өзі айтпайтын ба еді?! «Жұрттың бәріне ұнаймын» деу – бос сөз. Қайта оларды үйрету керек. Мысалы, Пикассо шыққанда бәрі «жынды» деген. Бірақ ол – классик. Сондықтан бәріне ұнаймын деген мақсаттан аулақ болған жөн.

«Оқырман қалай қабылдайды?» деген түсінік – мүлде бос сөздің квадраты. Онда тұрған не бар? «Туындыларымды жақсы көріп оқитын он оқырман болса, жетеді» деп ойлау керек. Сонда бірдеңе шығады.

Асқар Жұмаділдаевтың сұхбатынан үзінді.

Сұхбаттасқан Батырхан Сәрсенхан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: