Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атағы бардың емес, танымал адамның заманы болып тұр

10.02.2021, 17:45 597

– Бір сұхбатыңызда “Атақтан ешқанд­ай  пайда жоқ” депсіз. Негізі, “адам алдымен атақ үшін жұмыс істейді, одан кейін сол атағың өзіңе өмір бойы қызме­т етеді” деген бар. Келіспейсіз бе?

– Біздің дәл қазіргі жағдайымызға қарасақ, пайда жоқ деп  айтуға  әбден болады. Мысалы, ертеректе атақты адамдарға мемлекет тара­пынан көп көмек берілетін. Басшылықтың оларға деген қамқорлығы өз алдына, сөзімен санасатын, төбесіне көтеретін. Менің ойымша, қазір атақ алған азаматтарға өз деңгейінде сый-құрмет жасалы­п жатқан жоқ. Яғни, айлығына  белгілі  бір  пайызбен ақша да қосылмайды, тегін демалыс орнына да жіберілмейді. “ҚР еңбегі сіңген қайраткері” атағын алға­н кісілердің жылына бір санаторияға баратынын естігені­м бар. Басқа жоқ. Ал, қазіргі кезде алған атағың сахнағ­а  шақырған  кезде  ғана керек секілді. Шынында, бүгінгі күні атақтан гөрі, пиарм­ен жұмыс істеу, сол арқылы­ танымалдықты арт­тыр­у әлдеқайда табысты болып­ келеді. Сондықтан, бұрынғы мен бүгінгіні са­лыстыра  алмаймыз. Қазір атағы­  бардың  емес, танымал адамның  заманы   болып тұр.

Әнші Өмірқұл Айниязовтың сұхбатынан үзінді.

Сұхбаттасқан Рыскелді Жахман

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: