Қызылорданың күріштен кейінгі брендіне айналады деп сендірген шыны зауыты, сол жағалаудағы жаңа қала құрылысы ауыз толтырып айтарлықтай жобасы еді. Құрылысы он жыл бұрын сөз етілген «сақалды зауыт» әлі пайдалануға берілген жоқ.
– Бұл жобаның басталғанына 6 жылдай уақыт өтіпті. Оның құрылысын қолға алған алғашқы компания жұмыс істеуден бас тартып, қазір жоба екінші компанияның құзырына өтті. Барлығы дайын тұрғанымен, экономикалық дағдарысқа байланысты жұмыс әзірге тоқтап тұр. Құрылыс жұмыстары баяу жүргізілуде. Халықтың бұл өнімге сұранысы төмен. Тіпті Ресейде де дәл осындай зауыттың өнім шығару көрсеткіші өте төмен. Аталмыш зауытты іске қоссақ, қайта тоқтатуға болмайды. Өйткені пеш жарамсыз болып қалады. Ал шыны зауыты құрылысындағы ең қымбаты – сол пеш. Келешекте дағдарыс толық аяқталып, шыныға деген сұраныс артқаннан кейін зауыт іске қосылып, көпшілікке сапалы өнімін ұсынатын болады. Оған ешқандай күмән жоқ, – деген еді 2010 жылы Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Болатбек Қуандықов. Соңғы жеті жылда Қызылорда облысы үш әкім ауыстырды. 2013 жылдан 2019 жылға дейін Қырымбек Көшербаев, 2019 жылдың орта шенінен 2020 жылдың алғашқы тоқсанына дейін Қуанышбек Ысқақов әкім болды. Алғашқысы шыны зауыты құрылысының басталуына септігін тигізді, сол жағалаудың кірпішін қалады.
Ал бүгін шыны зауытына қатысты брифинг өткізген облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте зауытқа көз тигенін айтты.
- Шыны зауыты төңірегінде көптеген әңгімелер айтылуда. Өзім басқарманы басқарып отырғаннан кейін шыны зауытына «көз тиген» деп ойлаймын, – деді.
[…] https://halyqline.kz/qogam/ekonomika/shyny-zawytyna-koez-tigen/ […]