Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең жылдам поезд

31.01.2021, 16:00 1188

HALYQLINE.KZ Қытай мемлекеті қаңтар 12, 2021 maglev жаңа типті поездін таныстырды. Maglev деніміз Magnetic levitation қазақша айтқанда магниттік қалқыма поезді, бұндай поезд табаны реліске тимейді, қалқып тұрады. Сондықтан реліс пен поезд арасында үйкеліс жоқ болғандықтан жылдам жүруге болады.

Бірақ бұл тек ғана теория болып келген. Себебі магниттік қалқу өте төмен температура да ғана жүзеге асатын еді. Ол үшін алдымен өте күшті магнит болу керек және кезкелген метал өте төмен – 100 oC тан да төмен температурада өте күшті өткізгіштік (ток өткізгіш) қасиет көрсетеді. Қалыпты температура да металдар ток өткізгенде токты толық өткізбейді, бір бөлім електр кедергіге ұшырап белгілі орынға толық жетпей қалып қалады. Ал супер өткізгіштікте (асқын өткізгіш депте аталады) сол металдардың кедергісі жойылып токты толық өткізеді. Және сол супер өткізгіш болған кезде магнитте қалқиды, тартылмайды, не кетіп қалмайды. Жай қалқып ғана тұрады. (бұл барысты толық түсіну үшін сол супер өткізгіш тұралы оқу керек, мен қысқаша ғана жаздым). Осы барыста орынан жәй ғана қозғап қойсаңыз ары қарай магниттік тебу күшімен өте жылдам қозғалады.

 Дәл осы металдардың магнитте қалқу қасиетін пайдаланып машина, поезд жасауға болатыны дәлелденген. Бірақ ол өте төмен температурада жүзеге асатындықтан ғалымдар осы супер өткізгіш температурасын жоғарлату үшін тынбай еңбектеніп, әр түрлі металдарды қосып және басқа затпен біріктіріп сынап көріп, қысқасы көп еңбек еткен. Сол еңбектің нәтижесінде қазір жәй бөлеме температурада суперөткізгіштік қасиет беретін заттар бар.

Сонымен, жылдам поездге қайта оралайық. Қалқымалы поезд ең алғаш Англияда қолданған екен. Бірақ жылдамдығы тым баяу болғандықтан күшінен қалдырылған. Сосын бұл саланы дамытқан Жапония мен Германия. 1970 жылдардан бастап Жапон мен Германияда қалқымалы поезд қолданылған. Әсіресе Жапонияда қатты дамыған. 1980 жылдардың өзінде Жапон мен Германияда сағатына 400 км жылдамдықпен жүретін поездтер бар екен. Солай дами келе 2015 жылы Жапония сағатына 603 км жүретін поезд жасап әлемдік рекорд бұзған еді.

Енді сол рекордты Қытай мемлекеті қайта жаңартты. Германияның Siemens компаниясымен Қытайдың Жиау тоң Университеті бірлесіп жасаған maglev жаңа типті поезді сағаттық жылдамдығын 620 км ге жеткізді. Бұл поезді құрастыруға (жалпы зерттеуге) 9.3 миллион доллар ғана бөлінген екен.

Айта кетер болсақ қытай мемлекетінде 37,900 км қалқымалы поезд жол бар болып бұл әлемдегі жалпы осындай жолдың 2/3 ін құрайды. Демек ең ұзын.

Сонымен не айтамыз бізге де жұғысты болсын!

Сондықтан ғылымнан ақша аямау керек. Ғылымға құйған ақша бүгін болмаса да ертең еселеніп қайтады. Қазір Қытай – АҚШ-тан кейінгі ғылымға ақшаны ең көп бөлетін ел. Сондықтан ғылымы АҚШ-ты қуып жетейін деп қалды.

Анау шегіртке әншілерді жинап алып күрестіріп 10 миллион, төбелестіріп 20 миллион бөлгеннен мемлекет дамымайды. Олар – тек қоғамның дамуын төмендететіндер. Тек зияны болмаса қоғамға пайдасы жоқ.

«Ғылым жаңалықтары» тобынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: