HALYQLINE.KZ Алаш тұлғасы, ағартушы педагог Біләл Сүлейұлы Халыққа білім беру министрлігінде орынбасар, Ақтөбе және Алматы облысы білім басқармасының басшысы болған, Семей педагогикалық институтының алғашқы ректоры қызметін атқарып жүріп, нақақ жаламен қуғындалып, түрмеге түскенде де уақытын босқа өткізіп, төрт қабырғаға қарап, бекер жатпапты.
1932 жылы 2 сәуірде әйелі Фатима Ғабитоваға жазған кезекті бір хатында: «… Абақтыдағы өмірім жаман емес. Қазір менің мәселем қаралып жатыр. Тергеуден босадым. Енді абақты басшыларының балаларына, жұмысшыларға сабақ беріп, ағартушылықпен айналысып жүрмін. Айына шамамен 40-50 рубль табыс табамын. Жақында ағылшын тілін оқып бастадым», – деп жазғаны бар. Пәлі, міне, болашақтан күдерін үзбеген, өз–өзіне сенімді жанның батылдығы.
Тас қапаста жатса да дүниетанымын кеңейтуге күш салып, жаңа бір тілді үйреніп, өзін-өзі жетілдіріп жатыр. Біләл негізінде полиглот, бірнеше тілді жетік меңгерген, оқыған. Қазақ тілінен бөлек орыс, неміс, татар, түрік тілін жақсы біліп, сол тілдерде емін-еркін жаза білген.
Елдос ТОҚТАРБАЙ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!