HALYQLINE.KZ Бүгін Қазалы ауданына қарасты Лақалы және Сарбұлақ ауылының тұрғындары үшін қуанышты күн. Себебі аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындары енді «Activ» ұялы байланыс желісін пайдаланып, жақын-жуықтарына жедел хабарласа алады.
Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асты.
Қазалы ауданы бойынша бағдарлама аясында 2020 жылдың соңына дейін 4 елді мекенді Kcell және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Солардың ішінде ауданда алғаш болып Шәкен ауылдық округінің орталығына Beeline операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке (3G) қол жеткізілді.
Енді жыл соңына дейін Аранды ауылына «Activ» ұялы байланыс желісі орнатылады деп жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!