Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Барлық аудан орталығы газдандырылады

03.12.2020, 9:10 543

HALYQLINE.KZ

Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыру үшін бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. Бес мыңнан астам халық тұратын Арал ауданының Жақсықылыш кентіне газ берілді. Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кентін газдандыру жұмыстары жүргізілді. Үш аудан орталығы «көгілдір отынға» келер жылы қосылатын болады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев, Шиелі ауданындағы Байсын елді мекендеріне газ беру жоспарлануда.

Қала іргесіндегі Наурыз және Махамбетов елді мекендерін газдандыруға арналған жобалық-сметалық құжаты дайындалса, Қармақшы ауданының Төретам және Ақай, Шиелі ауданының Алғабас, Ақмая, Қодаманов елді мекендерін газдандыруға құжаттамасы әзірленуде.

– Негізі жоспар бойынша облысқа 13 АГРС салу қарастырылған. Қазір Арал, Қазалы, Байқоңыр, Жаңақорған, Шиеліде салынып тұр. Жалағаш пен Тереңөзекке біреуі орнатылса, қалада екеуі жұмыс істеп тұр. Бүгінде Сексеуіл кентіне, Шиелідегі Шоқай ауылына салуды жоспарлап жатырмыз. Өйткені, ол жерлерде халық саны көп, басқа ауылдар жақын орналасқан. Облыс орталығында 2 жылу орталығы, 190 шақырым жылу құбыры бар. Биыл бу қазандықтары мен 7,8 шақырымды құрайтын жылу құбыры күрделі жөндеуден өткізілді, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Жылу маусымы биыл мерзімінен ерте берілді. Дегенмен, тұрғындар арасында жылудың, газдың қысымына байланысты көңілтолмаушылық бар.

– Қалада екі АГРС бар. Екеуі бір-біріне қосылмаған. Сол жағалауда газдың қысымының азайып кететіні сондықтан. Қысым әртүрлі болғандықтан қалада да мұндай мәселе кездеседі. Бірақ тұрғындар жылу маусымының алдында құбырын, моржаларын тазарту секілді жұмыстарды тұрақты жүргізбейді. Оның да кесірі тиеді. Ал орталықтандырылған жылуға қосылған үйлердің өжірелері суға толып қалатынынан болады. Бұл бағытта биыл біраз жұмыс атқарылды. 32 көпқабатты тұрғын үй жаңғыртудан өтті, – деді Ерлан Жоламанов.

– Облыс орталығына «көгілдір отын» келгеніне он жылдан асты. Әдепкіде, газ есептегіш құралдарына «Смарт карта» қолданылған. Оның қызмет көрсету мерзімі аяқталды. Қазір механикалық есептегіш түріне ауыстырып жатырмыз. Оның артықшылығы көп. Біріншіден, онлайн төлем жасауға ыңғайлы. Екіншіден, әр айдың басында бағдарламаны жаңарту үшін жасалатын бұғаттауға жол берілмейді, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚОФ апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетов.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: