Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі артып келеді

19.02.2020, 11:28 1287

Құрылыс жұмыстарының көлемі 54,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 8,8 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнімнің көлемі 4,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 1,3 пайызға, бөлшек сауда айналымының көлемі 1,5 пайызға артты. Жаңадан жұмыс орны да құрылды, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз күйінде сақталды. Бұл жұмыстардың барлығы – облыстың тұрақты дамуы бағытында жасалып жатқан шаралар.

​ – Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі аясында облыста жалпы құны 567 млрд теңге болатын 28 жоба қарастырылуда. 2015-2019 жылдары 68 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, нақты 450 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде өткен жылы жалпы құны 201,8 млн теңгені құрайтын 65 жұмыс орнын құруды көздейтін 2 жоба пайдалануға берілді. Алғашқысы – Шиелі ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС «Күрішті өңдеу және құрама жем өндірісін ұйымдастыру» жобасының І кезеңі.

Екіншісі – жылына 4 млн дана күйдірілген кірпіш өндіретін Қызылорда қаласындағы «Ақтал» зауыты. Сондай-ақ, тампонажды цемент зауыты 2019 жылы 380 мың тонна болатын цементтің 6 түрін өндірді. Өндірілген өнім көршілес Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласына жөнелтілсе, 40,6 мың тонна өнім Өзбекстан Республикасына экспортталды,- деді аймақ басшысы Қ.Досмайылұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылорда облысының əкімі халыққа есеп беру кездесуін өткізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: