HALYQLINE.KZ Каратэ-додан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжамиев ауыр науқастан кейін өмірден озды.
Әбжамиев Рүстем Батырханұлы 1976 жылғы 17 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
1993 жылы Қызылорда қаласындағы №7 орта мектепті бітіріп, 1994-98 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша арнайы жоғарғы білім алды.
1994 жылдан бастап №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің каратэ-до бөлімінің жаттықтырушысы, аға жаттықтырушысы, 2013 жылдан бері облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Әрбір қабілетті спортшыны кішкентайынан танып, талантын аша білген білікті бапкер болды. Ол каратэ-до 4 Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 16 спорт шеберін дайындады, олардың қатарындағы 2016 жылғы әлем чемпионы Жаңбырбай Мөлдірді дайындағаны үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы берілген еді.
Талантты бапкердің шәкірттері әр салада, еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет істеп жүр. Қабылдауға суық хабар бүкіл спортсүйер қауымның қабырғасын қайыстырды.
Отбасына, ағайын-туыстарына, дос-жарандарына, әріптестеріне, ізбасарларына, шәкірттеріне көңілқосын білдіреміз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннәтта болсын!
Қызылорда облысының дене шынықтыру
жəне спорт басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!