Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында есірткімен тұрғын ұсталды

25.11.2020, 10:30 436

HALYQLINE.KZ «Құқық тәртібі» профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 23 қараша түнгі уақытта бір азаматтың өзімен бірге екі қағазға оралған есірткі затын алып жүргендігі анықталған.

Тексеру барысында ол 35 жастағы, еш жерде жұмыста жоқ Жосалы кенттің тұрғыны болып шықты. Сараптама қорытындысы бойынша «кептірілген марихуана» салмағы 20 гр жуық есірткі болған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекуссорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: