Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әртараптандыру арқылы жаңа өнімдер өндірілуде

23.11.2020, 18:00 746

HALYQLINE.KZ Судың тапшылығына қарамастан, Сыр елінде күріш өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға артық жиналды. Гектарына 61,8 центнер өнім алынып, 550 мың тоннадан астам күріш қамбаға құйылды.

Экономиканы әртараптандыру арқылы өңірде жаңа өнім өндіріліп, экспортқа шығатын тауарлар көбейді. Мәселен, биылдан бастап алғаш рет Ресейге мұздатылған көкөніс пен қызанақ жеткізілді. Ал, Германияға 420 тонна қамыс жіберілген. Жалпы, әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуына қарағанда, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің эскпорты біршамаға жоғарылаған. Пандемияның қиындығына қарамастан, сыртқы нарыққа өнім өндіру 12 пайызға көбейген. Оның 98 пайызы – қайта өңделген өнім.

Келесі жылы Қазалы ауданында жаңбырлатып суғару тәсілімен егілетін 87 гектар жүгері, Жаңақорған ауданында томат пастасы өндірісін ашуға бағытталған 3 мың гектар қызанақ егу бірінші кезекте іске асырылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: