Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып: «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар шығар?» — деді.
Бір оқушы орнынан тұрып:
— Әрине, — деп жауап қайтарады.
— Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, — деді.
— Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұсталына ма, ал бір кедейге садақа беріп тұрғаныңызда, оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстелге қоя алар ма едіңіз? — депті.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!