Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмыс та бар, жұмыссыздар да көп

19.11.2020, 11:00 534

Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары жөніндегі ақпараттар да қолымызға түсті. Сандар сөйлейді. Статистикалық мәліметтер «сайрап» тұр. Қала бойынша жаңа жұмыс орнын­ ашу көрсеткіші 100%-дан да жоғары орындалған көрінеді. Осыған дейін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін  тіркеу  бөліміне 16 мыңнан аса  азамат  хабарласыпты. Оның 54,6 пайызы жұмысқа орналасқан. Біз келтірген статистиканың тек ресми­ мәлімет екенін айта кетейік. Әйтпесе, өз бетінше жұмыстан шығып,­ қайта тұрып жатқандар қаншама?! Пандемия салдарынан көп­теген жұмыс орындары қысқарғаны шындық шығар, бірақ жаңа жұмыс орындарының да бірінен соң бірі ашылып жатқанын айтуға тиіспіз.

Айтпақшы, жұмыспен  қамту  бөлімі арқылы жаңа жұмысқа орна­ласқан жазасын өтеген азаматтар мен мүгедек­ жандар да бар. «Еңбек» бағдарламасы көптеген үзілген үміт­терді  жалғап, шырақтарды  жақты.

ЖҰМЫСПЕН  ҚАМТУ – ЕҢ  МАҢЫЗДЫ  КӨРСЕТКІШ

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны – 129778 адам, қалада жұмыссыздық деңгейі – 4,6, облыста – 4,8  пайыз.

Қалада 6407 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, бүгінгі күні 7064 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығында – 5, өнеркәсіпте – 115, құрылыс саласы бойынша – 1183, көлік және байланыс қызметі бойынша – 120, көтерме және бөлшек саудаларында – 162, білім беру саласында – 70, ден­саулық сақтау саласында – 53 және басқа салаларда – 3216, уақытша және маусымдық жұмыс орны – 2140. Ашылатын жаңа жұмыс орын­дарының жоспары 110,2 пайызға орындалған.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласқан азаматтардың саны – 16168, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 8823, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны – 6672, яғни хабарласқандар қатарынан жұмысқа орналасқандар үлесі 54,6 пайызды құрады. Есепті кезеңінің соңына тіркелген жұмыс­сыздар саны 5197 болса, уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздық  деңгейі 4,0  пайыз  болып­  тұр.

Нысаналы топтардың ішінен: жазасын өтеген­ 92 азамат хабарласса, тұрақты жұмысқа орналасқаны – 78, қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 3 адам жолданды, қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 4, әлеуметтік жұмыс орындарына  жолданғандары – 2, хабарласқан мүгедектер  саны 282 болса, жұмысқа орналасқаны – 69  адам,  қоғамдық  жұмысқа  жолданғаны – 193, жастар тәжірибесіне жолданғаны – 15 адам, әлеуметтік  жұмыс  орындарына – 5 адам.

«ЕҢБЕК»  БАҒДАРЛАМАСЫ – ЕҢБЕК   ЕТКЕНДІКІ

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында атқарыл­ған жұмыстарға да тереңірек тоқталуға болады.

Бірінші  бағыт: Бағдарламаға қатысушы­ларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқамерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқыту.

Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру, кадрларды даярлау бағдарламаға сәйкес тегін беріледі. Аталған бағыт­ бойынша жұмыссыз азаматтардың ішінен 652 адамды оқыту жоспарлануда.

Еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты қаладағы жұмыс берушілерден келіп түскен сұраныстарға сәйкес өнірлік комиссиямен маманд­ықтардың тізімі бекітіліп, бүгінгі күнге 659 азаматтың құжаттары қабылданып, оқуға жолданған.

Бүгінгі күнге 78 азамат оқу курсын аяқтап, оның 65-і жұмыспен қамтылды (85,8%). Игеріл­ген қаржы көлемі – 93748,0 мың теңге.

Екінші  бағыт: Бұл бағыт кәсіпкерлік бас­тамаларды қолдауға және қалалар мен ауылдарда шағын несиелерге кепілдік беруге міндеттерді іске асыруды көздейді. Қазіргі таңда АШҚҚ, ӨИО, МҚО арқылы қалаға және қалаға қарасты­ ауыл тұрғындарынан 114 азаматқа несие беру жоспарланып, қазіргі таңда несиеге 195 азамат орталық арқылы жолдама алып, 118 азамат 499934,0 мың теңге несие рәсімдеді.

«Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде­рін оқытуға 445 адам жоспарланып, бүгінгі күнге 445 азамат оқуын аяқтап, 372 азамат сертификатын алды, оның ішінде 371 адам мемлекеттік грант иегері атанған.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Гранттар бастапқы бизнесті іске асырып­ немесе асыруды жоспарлап жатқан бағдар­ламаға қатысушыларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға ұсынылады. Бизнес-идея гранттарына (1285 азаматқа) 711279,0 мың теңге жоспарланған. Бүгінгі күні 943 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беріліп, 519598,0 мың теңге игерілді.

Үшінші  бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығ­ы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Қоғамдық жұмыстар бойынша ағымдағы жылы 2835 адамға бюджеттен 572348,0 мың теңге­ бөлініп (ЖБ – 370796,0 мың теңге, игерілгені –169406,0 мың теңге, 201390,0 мың теңге қаражатты қайтаруға ұсыныс берілді, РБ – 1033600,0 мың теңге бөлінді, 630058,0 мың теңге,­ яғни 1853 адамның қаражаты кері қайтаруға ұсыныс берілді), 2020 жылдың 5 қаңтарынан баста­п 416 мекемемен келісімшарт жасалып, 3021 адам (2202 қайталанбаған адам саны) жұмысқа тартылды. Қоғамдық жұмыстардың орташа ұзақтығы 12 ай және бір айдағы еңбек­ақысы 42500 теңгені құрайды, игерілген қаражат – 439406,0  мың  теңге.

Мерзімінен бұрын жұмыстан шыққан азаматт­ардың саны – 1375, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары – 91 азамат (6,6%).

Әлеуметтік жұмыс орындарын 160 адамға республикалық бюджеттен 81 845,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 адамға 2 443,0 мың теңге бөлінді, барлығы 170 адам (84 288,0 мың теңге). Жыл басынан бастап 106 мекемемен  келісімшарт жасалып, 377 адам жолданып, 68801,0 мың теңге игерілді. Мерзімнен бұрын жұмыстан шыққан азаматтардың саны – 166, оның ішінде тұрақты  жұмысқа  орналасқан­дары – 77  азамат  (46,3%).

Жастар тәжірибесі бойынша республикалық бюджеттен 1050 адамға 417533,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 110 адамға 43 534,0 мың теңге, барлығы 1160 адамға 461067,0 мың теңге бөлінген. Бағдарлама аясында сұраныс берген 364 мекемеге 1774 жас маман жолданды, игеріл­ген қаражаты – 248205,0 мың теңге. Мерзімнен бұрын жұмыстан шыққан азаматтардың саны – 389, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналас­қандары – 145 азамат (37,2%).

Сайып келгенде, мемлекет тарапынан  қандай  да  болмасын  көмек­тің беріліп  жатқаны рас. Кейде ол туралы­ насихат аз болып жатады, ал енді бірінде мән-жайына, жай-жап­сарына өзіміз терең үңілмей жатамыз. Сондықтан шығар, жұмыс та бар, жұмыссыздар  да  көп.

Рыскелді   ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: