Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Семейдің СЕМАЗ-ы – Сырдың төрінде

19.11.2020, 10:30 1017

Айналасы «сын мен мінге» толы қоғамдық көліктің қазіргі көрінісі көңіл көн­шітпейді. Автобустардың жетіспеуі, жолау­шылардың «тығылысып» тұруы сынды мәселелер қоғамдық көліктің айналасында жүргеніне көп болды. Карантин уақытында керісінше, автобустар саны тым азайып, ішінде ине шаншар орын қалмай­тынын да көріп жүрміз. Бұл тек автобу­с паркінің ғана емес, жалпы қаламыздың өзекті мәселесіне айналған. Осы тұрғыда, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не үлкен сыйымдылықты 13 автобус табысталды. Жаңа автобустардың сапасы­ мен сыйымдылық жағдайын көзімізбен  көріп  қайттық.

Автобустарды табыстау рәсімі аймақ басшыс­ы  Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өтті. Шарада облыс әкімі автобус паркі құрылған санаул­ы жылда автопарктің техникалық базасын­ қалыптастыру мақсатында 122 дана жаңа автобус алынғанын айтып, қаламыздың қоғамдық көліктер қатарын толықтырған жаңа автобустар ел игілігіне ұзақ қызмет етуін тіледі. Жаңа автобустар Семей қаласындағы «СЕМАЗ»­ ЖШС-да құрастырылған. Яғни, отандық өнім. Қоғамдық мәселеге айналған қоғамдық көліктің санын көбейту һәм халықтың­ сұранысын қанағаттандыру үшін облысты­қ бюджеттен 209 млн теңге және автобус­  паркінің өз қаражаты есебінен 242 млн теңге  бөлінген.

– «Қызылорда» автобус паркі» құрылғаннан бастап, автопарктің техникалық базасын қалыптастыру мақсатында 122 дана жаңа автобу­с алынған болатын. Енді Сырдың бас шаһарын­да Семей қаласының «СЕМАЗ» зауытында құрастырылған үлкен сыйымдылықты жаңа автобустар жолаушыларды тасымал­дайтын болады. Жаңа автобус заманауи үлгіде жасалған. Бүгінде қала ішінде 25 бағыт және қала маңына қатынайтын 8 бағытта 636 авто­көлік қызмет етеді. Биылғы жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» жобасымен қалада бір­қатар қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілді. Бүгінге дейін 212 мың адам термин­ал арқылы, 15 мың адам телефон арқылы жолақысын  төлеген. Бұл  жолаушыларға  қолайлы  жағдай  жасауға  ықпал  етуде деп ойлаймыз­. Қазіргі таңда облыс экономикасының даму қарқыны­ ұлғайып, халықтың әлеуеті артып келеді­. Әсіресе, облыс орталығы Қызылорда қаласында істеліп жатқан игі істердің қатары мол. Биылдың өзінде «Жұмыспен қамту–2020» жол картасымен көптеген жұмыстар атқарылды. Осы бағытта ары қарай да жұмыс істейтін боламы­з. Автобустардың тозатынын ескере отырып, жаңа автобустар санын көбейтуді де жоспарлап  отырмыз, – деді  облыс әкімі Гүл­шара­  Әбдіқалықова.

Соңғы үлгідегі автобустар 55 адамды тасымалдауға жетеді. Сонымен қатар, экологиялық таза метан газымен жүреді. Жолаушылардың мініп-түсуі толығымен бейнебақылауға түсіріледі. Бұл халық қауіпсіздігі үшін өте маңызд­ы. Ең бастысы, мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға қолайлы етіп жасалған. Жаңадан келген автобустардың басым бөлігі №1 бағыт­қа жіберіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет ететін болады. Шара барысында автобус­ кілті жүргізушілерге салтанатты түрде табысталды. Кілтті табыстау құрметі облыс әкімі Гүлшара  Наушақызына  бұйырды.

– Өздеріңіз білетіндей, 2013 жылдан бері Қызылорда қаласында жаңадан автобус паркі құрылған болатын. Соның құрамында 122 автобус бар еді. Автобус паркінің базасын жаңалау мақсатында  облыс  бюджетінен қажетті қар­жы бөлініп, 13 автобус алынды. Алдағы уақытта олардың санын ұлғайтуды жоспарлаудамыз. Қазірдің өзінде 80 жаңа автобусқа сұраныс бердік. Бүгінде автобус паркі қаланың 6 бағытын ғана қамтуда. Қалған бағыттар жеке тасымалдаушылардан тұрады. Дәлірек айтсақ, 250 көлік жеке тасымалдаушылардан тұрса, автобус пар­кіне­н 65 көлік шығарылып отыр. Бұл – карантин уақытындағы сандар. Қалыпты жағдайда жеке тасымалдаушылардан 350, автобус паркінен  85 көлік шығатын болады,– деді «Қызыл­орда» авто­бус паркі» ЖШС директоры Нұржан Ахатов.

Карантиннің болжамды екінші толқынының алдында осындай халық көп шоғырланатын орындардың бірі қоғамдық көліктің саны ұлғайып жатқаны – көрікті көрініс. Поляктың бір жақсысы «Біздің автобусқа сабынсыз тек жүргізуші ғана сыйып кетеді» деген екен. Бізде де жағдай осындай емес пе? Кешкілік уақытта жолаушылар санының көптігінен автобус есігі жабылмай жатқанына да куә болып жүрміз. Жаңа автобустардың келуімен бұл мәселелер аз да болса өз шешімін табады деп сенеміз.

Бекзат  АМАНОВ,

Н.Нұржаубай (сурет)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: