Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бастаңғы – жастардың көңіл көтеру салты

01.11.2020, 15:00 1495

HALYQLINE.KZ Қазақ даласында өмір сүру ешқашан оңай болмаған. Сондықтан қиын еңбек ауыртпалығын жеңілдету мақсатында дем алып көңіл көтеру мақсатында түрлі ойын-сауық болатын.

Ерлер тоғызқұмалақ ойынына, қонаққа баруды, аң аулауды және түрлі сайыстарды ұйымдастыруды әдет еткен. Олар ән шырқап, күй ойнайтын. Қоғамның барлық мүшесі дерлік домбыра ойнай алатын болған. Көңіл көтеруше әңгіме-дүкен құру да жататын. Әйелдер жағы болса әдетте өздерінің көңіл көтеруі барысында түрлі іспен айналысатын болған: киіз басқан, сырмақ тоқыған, кесте, құрақ көрпе тігетін.

Көңіл көтеру көпшіліктік деңгейде іске асып отырған. Ата-енесі мен ерлері үйде жоқ кезде абысындар жиналып дастарқан жайып көңіл көтерісетін. Бұндай отырыс барысында әндер шырқалып, әзілдер айтылып отыратын. Тіпті, қатынкүрес аталатын сайыс та ұйымдастырылатын болған.

Жаздың салқын кешінде ауыл адамдары таза ауамен демалып бір киіз үйдің алдына жиналу әдеті болған. Дастарқан жайылып, жаңалықтармен бөлісетін, жұмбақтар жасырып, домбырамен сүйемелдеп ән шырқап. Айтыстар да болып тұратын.

Ғалым Ш.Тохтабаевакөңіл көтеру жөнінде: «Ойындар мен көңіл көтерулер, мәдени құбылыс ретінде түрлідеңгейлі, генетикалық жағынан алғанда олардың тамыры байырғы кезге барады және қоғамдық, тәрбиелік, қарым-щатынастық, салттық және қойылымдық және әсерлілік міндеттер атқарады» деген пікір білдірген.

Жастардың көңіл көтеруі

Өз кезегінде жастар да көңіл көтеретін. Үлкендер олардың бұнысына жастық дәурен өмірдің ең қымбат кезі деп, түсіністікпен қараған. Өмірдің дәл осы кезеңі туралы әндерде «Ойна да күл» айтылатыны – соның дәлелі.

Жастық шақты қазақ бүкіл әлем гүлдейтін көктеммен, жастықты білдіретін жасыл түспен салыстырады.

Қазақ жастарының көңіл көтеруге арналған бір салты «бастаңғы», Қазақстанның кейбір аймақтарында «бастан» деп те аталады. Ата-анасы қонаққа немесе тойға кеткен кезде жатар бастаңғы өткізетін болған. Бұлай етуге олар алдын ала үлкендерден рұқсат алатын.

Бастаңғы өткізілетін үйде бір қой сойылып, тек ғана жастар жиналады. Бұндай отырысқа көрші ауылдың қыздары мен бозбалалары шақырылады. Бастаңғы барысында түрлі ойындар ойналып, домбырамен күйлер шертіліп әсем әндер шырқалған. Ақындар айтысы да болған. Осындай көңіл көтеру барысында жастар өздерін жақсы жағынан көрсете білуге, бір бірімен жақынырақ білісуге мүмкіндік алатын. Бастаңғы ғашықтардың кездесуіне де ыңғайлы болған.

Бастаңғы салтының әдебиетте көрініс табуы

Осы салт туралы ақын әрі ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Қалқаман — Мамыр» жырында былай деп жазған:

«Ол күнде жерге талас қазақ, қалмақ,

Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ.

Бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп,

Тобықтының бәрі де тойға бармақ.

Той қылған Орта жүзде Сәмеке хан,

Жиылды той болған соң бірталай жан.

Бай, бәйбіше, үлкендер сонда кетіп,

Жас жігіт, қыз-келіншек үйде қалған.

Қазақта бастан деген бір ырым бар,

Мал сойып, жастар ойнап бір жиылар,

Қалқаман бастан қыл деп қызға келді,

Азар болса бір тоқты шығын шығар.

Сойғызды Мамыр сонда тоқтыны әкеп,

Ойнады қыз-бозбала етінен жеп,

Оңашада Қалқаман Мамыр қызға

Ымдады бір жауабың болмай ма деп.

Айтса да қыздан жауап үміт күтіп,

Естімеген кісі боп қалды кетіп,

Сөйтсе дағы сонда айтқан сөзі мынау.

Еш адамға елеусіз өлеңдетіп:

«Аулымның күнбатысы қалың қамыс,

Бүрсүгініннен арғы күн болды алыс.

Жас кісіде бар болса жігер, намыс,

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс».

Солайша жауап берді Қалқаманға,

Бұл сөзі байқалмады басқа жанға.

Бүрсүгүні қамыстан жолықпасаң,

Мен саған жоқ деді ғой байқағанға».

Бүгінгі қазақ жастары достарының үйінде және қоғамдық орындарда көңіл көтереді.

Бердалы Оспан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: