Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантин: Қызылордада 760 құқықбұзушылық тіркелді

28.10.2020, 17:00 495

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда енгізілген карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында 255 мекеме мен ойын-сауық орыны тексеріліп, 760 құқықбұзушылық анықталды.

Аталған құқықбұзушылықтар қала төңірегінде – 193, Арал – 94, Қазалы – 136, Қармақшы – 27, Жалағаш – 85, Сырдария – 55, Шиелі – 58, Жаңақорған – 67 және Байқоңыр қаласында 45 дерегі анықталды.

Шектеулерге қарамастан әлі де болса той жасау деректері тыйылмай тұр. Мысалы, 25.10.2020 жылы сағат 12:00 шамасында Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны ұлының үйлену тойын жасаған. Дәл осы күні, осы ауылдың тұрғыны қызының үйлену тойын өткізген.

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: