Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамп қандай дәрі ішті?

20.10.2020, 15:30 476

HALYQLINE.KZ

АҚШ президенті Дональд Трамп Regeneron компаниясының коронавирусқа қарсы антиденеден тұратын жаңа коктейлін қабылдап, өзін қаһарман сезінгенін айтты деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Мен Regeneron дәрісін қабылдадым. Осыдан алты ай бұрын ол туралы ешкім естімеген де еді. Ертесіне оянып, өзімді қаһарман ретінде сезіндім», – дейді Трамп Аризонада сөйлеген сөзінде.

АҚШ президенті тез арада вакцина жасаймыз деп америкалықтарға уәде берді. Сондай-ақ, ол енді өзінде коронавирусқа қарсы иммунитет барын қайталап айтты.

Трамптың сөзінше, эпидемия қандай да бір вакцинасыз жақын арада өзі кетеді.

Айта кетсек, АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді. Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, өзінде бәрі жақсы екенін жеткізді.

Сонымен қатар Дональд Трамп Қытайдың коронавирус инфекциясы таралғаны үшін «жауап беретінін» мәлімдеген еді.

«Бұл сіздердің кінәларыңыз емес, болған жағдайға Қытай кінәлі. Қытай біздің елге және әлемге жасаған ісі үшін жауап беретін болады», – деп мәлімдеді АҚШ президенті Twitter желісінде жариялаған бейнеүндеуінде. Өз кезегінде Қытай коронавирус инфекциясының таралуына байланысты АҚШ-тың айыптауларын теріске шығарып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: