Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көгілдір отын» неге уақытша берілмейді?

19.10.2020, 18:35 574

HALYQLINE.KZ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы инвестициялық бағдарлама аясында салынған газ құбырын іске қоспақ. Осыған байланысты, 21 қазан күні сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін Қызылорда қаласының КБИ, Коммунизм және Қызылжарма шағын аудандарына газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аталмыш мөлтек аудандардың тұрғындары «көгілдір отынды» өшірген кезде газ қондырғылары алдындағы крандарды жабу қажет. Ал оны қайтадан филиал қызметкерлерінің өздері қосып береді. Сондықтан сол күні түстен кейінгі сағат 15:30-дан бастап үйде адам болуы керек.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру газ тарату жүйесінің сенімділік деңгейін арттыруға, газ құбырларындағы газ қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Газ тарату желілеріндегі авариялық жағдайлардың алдын алу және салдары барынша азайтылады.

– Бүгінгі күнге дейін дүкен, кафе, мейрамхана секілді кәсіпкерлік нысандар газды сатып алуға келісім жасамаған. Техникалық қызмет көрсету шарттары жоқ. Оларға ескерту жасап жатырмыз. Құлақ аспаса, газдан ажыратамыз. Жеке тұлғалардың қазіргі таңда пайдалынылған газға қарызы 1 млрд теңгеге жуықтап отыр. Ал уақытша газ өшіруге түсіністік танытсаңыздар. Бастысы, қауіпсіздік шарасына мұқият болыңыздар, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ермек Қалдығұлов.

Филиал меншігінде жалпы ұзындығы 2 305 шақырымды құрайтын газ құбыры, 54 блоктік газ реттегіш бекеті және 193 шкафтық газ реттегіш бекеті бар. Облыс бойынша 111 256 тұтынушы тіркелген. Бұған қоса, 2 403 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға газ беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: