Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мұғалімдерді мерейлі мерекесімен құттықтады. Кәсіби мерекеде ұстаздарды қабылдаған шаһар басшысының орынбасары жауапкершілік жүгі ауыр, машақаты мен шапағаты мол салада еселі еңбек етіп, білім беру ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан педагогтерге алғыс білдірді. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де,тірегі де саналатын мәртебелі мамандық иелерінің жетістіктеріне тоқталып, мұғалімдерге шығармашылық ізденістер мен ғылыми жетістіктер тіледі.
«Қай заманда болмасын кез келген жетістік пен жаңалықтың басында білім мен ғылым тұрады» деген Асқарбек Темірбекұлы елдің ертеңін айқындап, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін саланың көшін ілгері жылжытып, Сыр бойының білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары жас ұрпақты ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын мәртебелі мамандық иелеріне «шәкірттердің санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнегелеріңіз өлшеусіз, бүгін берген сапалы білім – ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі», – деп атап өтті.
Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!