Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 1 күнде 350-ден аса құқықбұзушылық анықталды

23.09.2020, 16:00 541

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 22-24 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Көлік құралын мас күйінде басқару, жолдың қарсы бағытына шығу, жылдамдық режимін бұзу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту ережелерін бұзу деректерін анықтауға 300-ден астам қызметкер жұмылдырылды.

Іс-шараның 1 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 354 дерегі анықталды.

Оның ішінде заңсыз қайта жабдықтаудың — 6, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген — 15, ұялы телефонмен сөйлесудің — 38, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың — 39, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың — 64, маневр жасау ережесін бұзудың — 12, жаяу жүргіншіге жол бермеудің — 13, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың — 5, құжатсыз көлік құралын басқарудың 51 дерегі анықталды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: