Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қай ауданның даму динамикасы жоғары?

06.02.2020, 11:24 654

«Halyqline.kz» сайты «Халық» газетінің (halyk-gazeti.kz) сайты ұсынып келген сауалнаманы араға бірнеше жыл салып­ қайта жандандырды. Алғашқы тақырып Қызылорда облы­сы­ аудандарының көрсеткіштеріне арналды. «Қай ауданның даму динамикасы жоғары?» деген тақы­рыптағы сауалға сайт оқырмандары белсене қатысты деуге­  негіз бар. Мұны төмендегі сандар нақтылай түседі деп  ойлаймыз.

Әуелгіде 7 ауданды географиялық орналасуына байланысты­ (солтүстігінен бастап) жіпке тізгендей етіп жазғанбы­з. Соңында сайттағы сауалнаманың функциясы көп дауыс жинағанын суырып алға шығарды. Дауыс беру нәтижесі тура бір аптадан кейін тоқтатылады деп жоспарланды. Мақсатымыз аудандарды бір-бірімен сайысқа қосып, салғастыру емес. Көздегеніміз – кез келген жайтқа шынайы көзқараспен қарайтын оқырмандар шоғырын қалыптастыру, қазақтілді онлайн сауалнаманы, журналистиканы дамыту, пікір білдіру мәдениетін бірізге түсіру.

Біз бұл мақсатымызға алғашқы қадамнан-ақ жеткен секілдіміз. Өйткені, алғашқы болып пікір қалдырған Алия есімді оқырман «Өзім Аралдыкі болсам да, Қазалыны және Жаңақорғанды айтар едім» депті. Тиісінше, Нұрлат есімді қолдануш­ы «…көп адамның аудандардың экономикалық дамуы­ жөнінде хабары аз. Сондықтан, өз ауылына бұра тартатыны­ анық» деп пікір жазыпты. Әрине, «ауылдастың тайы озсын» дейтіндер де бар екенін жасырып қала алмаймыз. Осы орайда, жазылған пікірлердің арасында барлық аудандарды көзімен көріп, өзінше пайым жасағандар да бар болып шықты.­ Бұл бізді шын мәнінде қуантты. Сондай-ақ, пікір білдірушілердің арасында ауданның жетістігіне кем-кетігін де қоса кеткендер болды. Бұл да жұртшылықтың мәселеге тек біржақты қарамайтынын аңғартса керек. Сауалнамаға өзге облыстардан қатысып, дауыс беріп, пікір жазғандарды да кездестірдік.

Сонымен, «Қай ауданның  даму  динамикасы  жоғары?» атты сауалымыз сайтта 18500 қаралым жинады. Дауыс беру­шілер 258 пікір жазған. «Халықтың» сауалнамасының қорытындысы бойынша үздік үштікті 19%-бен Қазалы ауданы түйіндеді. Арал ауданы 22% жинап, екінші орыннан көрінсе, Сырдария ауданы (30%) көпшіліктің басым дауысын алып, бірінші орынға ие болды. 3 және 5%-ға иелік еткен Жаңақор­ған, Шиелі аудандары көш соңында қалмауға тырысқандай.

Алдағы уақытта «Halyqline.kz» сайты ел ішіндегі өзекті жаңалық­тарға, жайттарға байланысты сауалнаманы тұрақты түрде ұйымдастыруды мақсат етеді. Барлық оқырмандарды белсенді  болуға  шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: