Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұқағалидың ішіп кеткенін неге зерттемеске?

06.09.2020, 17:00 549

HALYQLINE.KZ Мұқағалиды бүгінде көбі ішіп жүрген дейді. Мұқағали ішіп жүрген заманда бәріміз де ішіп жүргенбіз. Бірақ анандай дарынмен, анандай ақылмен Мұқағалидың неге ішіп кеткенін неге зерттемеске? Бұл – әдебиетті зерттеудің әлемі. Жалпы, Мұқағалидың өлеңін оқып отырсаң, мұңсыз өлеңі жоқ. Бұл қандай мұң? Көбі Мұқағалиды тірісінде неге бағаламадық дейді. Шынында, неге бағаламадық? Ол өмірде қиындық көрмесе, жақсы мен жаманды тең көрмесе, мынадай асыл сөздер шықпайды?

Мұқаң өзімен қатарлы ақындарды да білді ғой. Өзінен төмен ақындарды да шамалаған болуы керек. Сол жылдары, мысалы, 67-жылдары Тұманбай інісінің, Қадыр інісінің де кітаптары шығып жатты. Поэзия бөлімін басқарып отырған Сағи Жиенбаевтың кітабы қандай көлеммен шықты? «Жазушы» баспасы бас редакторының орынбасары болып отырған Қайрат Жұмағалиевтің кітабы қандай көлеммен шықты? Жұмекен Нәжімеденовтің кітабының көлемі қалай шықты? Міне, осылармен салыстырғанда шындық көрінеді. Мұқағалидың неге налитыны, неге ренжитіні сонда көрінеді. Ел 7-8 баспа табақпен шығып жатқанда, Мұқаңдікі 2-3 баспа табақпен шығады. Адам болған соң, пенде болғандықтан, бұл көңілге келмей ме?

Мұқаңның анасы өзінен кейін қайтыс болды. Жеңгеміз Лашын да кешегіде қайтты. Ал Мұқағалидың шығармаларының жарық көруіне Лашын да көп еңбек сіңірді. Дәл бүгінгідей Мұқағалиды танымадық. Елу жылдығының да, алпыс жылдығының да қалай өткенін білесіздер. Тіпті елу жылдығында «Мұқағали елу жылдығын атап өтуге тұратын ақын ба, тұрмайтын ақын ба?..» деген мәселелер болды. Сонда Әбділда Тәжібаев ағамыз Алматы облысының бірінші хатшысына кіріп: «Ел тұрымтайдай балаларына дақпыртып той жасап жатқанда, сендер неге Мұқағалидың тойына тарылып отырсыңдар, бағалай алмайсыңдар ма?» – деген. Сол Әбекеңнің арқасында Мұқаңның елу жылдығы аталып өтіп еді.

Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ,

Жазба Әсет Ақмолданың фейсбук парақшасынан алдынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: