Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

29.11.2026, 12:30 27

HALYQLINE.KZ

29 қараша – Мәслихат депутаттарын сайлауы күні Жаңақорған ауданының орталығындағы аграрлы-техникалық колледждегі №337 сайлау учаскесі маңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Сауда сөрелеріне ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, тұрғындарға нарықтағы бағадан шамамен 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылуда.

Жәрмеңкеге ауданның бірқатар елді мекенінен шаруалар мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Бұл тұрғындар үшін қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Оған келген аудан тұрғыны мұндай іс-шаралардың халық үшін тиімді екенін атап өтті.

«Жәрмеңкеде өнімдердің бағасы қолжетімді екен. Әсіресе көкөністі отбасыға қажетті мөлшерде алып жатырмыз. Бағаның нарықтағыдан төмен болғаны қуантады. Осындай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны тұрғындарға жақсы қолдау деп ойлаймын», — деді аудан тұрғыны.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: