Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі өз таңдауын жасады

29.11.2026, 11:55 25

Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Маңызды саяси науқанға аудан тұрғындары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға ықпал ететін, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге араласуын арттыратын маңызды қадам. Сондықтан әрбір сайлаушының дауыс беруі ел дамуына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Сайлауға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев та қатысып, қаладағы «Қарлығаш» балабақшасында орналасқан №53 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ аудан әкімімен бірге бірқатар ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері де сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділіктерін танытты.

Айта кетейік, ауданда барлығы 56 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 16-сы аудан орталығында орналасқан. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру рәсімі таңғы сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.

Сайлау әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, қоғам өміріне үн қосатын маңызды сәт. Бүгінгі таңдаудың мәні зор, өйткені өңірдің дамуы мен елдің келешегі әрқайсымыздың белсенді азаматтық көзқарасымызға байланысты.

Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: