HALYQLINE.KZ Қаржы министрлігі «СOVID-19» пандемиясымен күресу үшін 660 миллионнан астам еуро қарыз алу туралы қаулы жобасын әзірледі, – деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
«ҚР үкіметі ҚР мен Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі арасындағы займ туралы (СOVID-19 індетімен күрес бойынша белсенді шаралар және шығындарды қолдау бағдарламасы) келісім ратификацияланғаннан кейін соң 661,8 млн еуро қарызға алуды жоспарлауда» делінген құжатта. Өтеу мерзімі – үш жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда 10 жыл. Алынған займға қызмет көрсетуді және өтеуді қаржы министрлігі республикалық бюджет есебінен жүзеге асырады.
Фото ашық дереккөзден алынды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!