Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Сырдария ауданы тұрғындарын жеке қабылдады

19.11.2026, 17:55 49

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде тұрғындармен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауда тұрғындар көтерген мәселелердің дені білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жол инфрақұрылымы, электр желілерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту салаларына қатысты.

Өтініштер мен ұсыныстарды жауапты мамандар жан-жақты зерттеп, заң аясында шешу жолдары қарастырылады.

Бүгінгі қабылдауда Тереңөзек кентінің тұрғыны аудан орталығына жаңа үлгідегі заманауи балабақша керек екенін айтты. Негізі жобалаушы мекеме демеушілік қаражат есебінен 80 орындық балабақшаның жобасын әзірлеген. Қазір аудандық білім бөлімі арқылы тиісті бюджеттік өтінім ұсынылған.

Ал Қалжан ахун ауылының тұрғыны орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеуге сұранып тұрғанын жеткізді. Жобаның құжаттары әзірленіп, биыл мемлекеттік сараптамадан өткен.

Айдарлы ауылының тұрғынын толғандырған сауал газдандыруға қатысты болды. Сырдария ауданының Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы елді мекендерін газдандыруды қаржыландыру республикалық бюджетке ұсынылған.

Сонымен қатар тұрғындар Тереңөзек кенті, А.Тоқмағанбетов, Іңкәрдария, Айдарлы ауылдарындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді, теміржол өткелін салуды сұрады. Бүгінде бұл жобалар мемлекеттік сараптамадан өткен.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: