АҚШ-тағы бес ірі банктің клиенттері жеке кабинеттеріне кіре алмай, қаржылық қызметтерді пайдалануда қиындықтарға тап болды. JPMorgan Chase өкілдері жүйедегі ақаудың кибершабуылға қатысы жоқ екенін, оған техникалық қате себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Банктердегі ақау әлеуметтік желілерде 17 қарашаға қатысты тараған «цифрлық апокалипсис» туралы қауесеттермен тұспа-тұс келді. Желі қолданушылары дәл осы күні жаппай кибершабуыл жасалып, интернет пен банк қызметтері үш айға дейін істемей қалуы мүмкін деген болжам таратқан.
Ақпараттың алғашқы көзі – X әлеуметтік желісіндегі Wesley лақап атымен тіркелген қолданушы. Ол 1 қарашада португал тілінде жазба жариялап, мәліметтің дереккөзі ретінде аты-жөні белгісіз «даркнеттегі ақпарат берушіні» атаған.
Ал 17 қарашада АҚШ-тың Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттігі (FEMA) мен Федералдық байланыс комиссиясы елдегі төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесін тексеруді жоспарлаған. Алайда бұл – радио мен телеарналар арқылы берілетін қысқамерзімді сынақ сигналы болғандықтан, жаһандық интернеттің жұмысына әсер етпейтіні хабарланған.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі де мәлімдеме жасап, 17 қарашада кибершабуыл жасалып, байланыс қызметтері өшіріледі деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Фото: rbc.ua
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!