Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн. Ал, біз сізге тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында айтып береміз.
Egov.kz порталына кіріңіз:
Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз;
Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз;
Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз;
Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз;
Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз.
Өтініш:
Жеке басыңызды куәландыратын құжат;
Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса, Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!