Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көшпелі алқа отырысы өтті

06.11.2026, 15:40 64

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қалалық мәслихаттың мәжіліс залында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің көшпелі алқа мәжілісі өтті. Онда 2026 жылдың 9 айлық қорытындысы сараланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қатысып, сала өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау – біз үшін басты басымдық. Санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды бәсеңдетпей, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруымыз қажет. Межеленген міндеттердің сапалы орындалуы әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болады», — деді Дархан Есалыұлы.

Алқа отырысында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Бейбіт Молдахметұлы шаһардағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндама жасады. Есепті мерзімде қалалық басқармаға 9 434 инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша шұғыл хабархаттар түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 19 түрі азайған. Сондай-ақ жіті ішек инфекциясы 5,4%-ға, ал балалар арасында бұл көрсеткіш 15%-ға төмендеген. Қала көлеміндегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында 950 мың гектардан астам аумаққа кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілген.

Жиын соңында жауапты мамандар мен басқарма өкілдеріне алдағы уақытта санитарлық талаптардың сақталуын күшейту және халық арасында түсіндірме жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмалар жүктелді. Көшпелі алқа отырысына белсенді қатысып, салалық мәселелерді шешуге атсалысқаны үшін бірқатар маман қала әкімінің алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: