2026 жылғы 29 қарашада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткізіледі.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 1 қараша, сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Нәтижесінде Қызылорда облыстық мәслихатқа 16 округ бойынша 48 кандидат, қалалық мәслихатқа 23 округ бойынша 69 кандидат, аудандық мәслихаттарға 97 округ бойынша 292 кандидат тіркелді.
— Бәселекестік бойынша бірмандатты аумақтық сайлау округтерінде сайлауға қатысып жатқан канидаттардар арасында 1 мандатқа 3 адамнан тіркелді.
Партиялық тізімдерді ұсыну бойынша «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары 46 адамнан тұратын партиялық тізімін ұсынды. Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың жиынтық саны сақталды.
Барлық партия тіркеуден өтті. Орташа алғанда бір мандатқа 3 адамнан тіркелді, — деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.
Айта кетейік, бірмандатты сайлау округі бойынша кандидаттардың 314-і – ер, 95-і – әйел. Ал, партиялық тізім бойынша кандидаттардың 36-сы – ер, 10-ы – әйел азаматша.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!