Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кандидаттар телеарна ұжымымен кездесті

02.11.2026, 17:30 77

«Әділет» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Руслан Рүстемов, Абайбек Жүнісов, Мұрат Нұғманов, Айсұлу Қасымова «Qyzylorda» телеарнасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ұжым мүшелерінің сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Басқосуда облыстық сайлауалды штаб төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Руслан Рүстемұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген маңызды міндеттерге тоқталды.

Оның айтуынша, Президент Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды бастамаларды қамтиды.

Рүслан Рүстемұлы сондай-ақ «Әділет» партиясының Қызылорда облысын 2031 жылға дейін дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Бағдарламада алдағы бес жылда өңірде 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй салу, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 98 пайызға жеткізу, өңдеу өнеркәсібінің көлемін 440 млрд теңгеге дейін арттыру, негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 2,182 трлн теңгеге жеткізу секілді нақты міндеттер қамтылған.
Руслан Рүстемұлы партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасында көзделген осы міндеттердің жүзеге асуына ықпал ететінін атап өтті. Оның ішінде өңір экономикасын әртараптандыру, өндіріс орындарының әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту бағыттары ерекше маңызға ие екенін жеткізді.

Өз кезегінде білім саласының өкілі, үміктер Абайбек Жүнісов оқу-ағарту жүйесіндегі өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерге тоқталды. Ол сайлауалды бағдарламадағы білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа мектептер салу және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жеткізіп, 29 қараша өтетін сайлауда «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.
Еңбек ұжымы өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, кандидаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тапсырыс беруші: Базартай Н.Ж.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: