Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Айтарым бар еді»

01.11.2026, 14:25 39

HALYQLINE.KZ

Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ақын Шынтемір Әмишаұлының туғанына 80 жыл толуына орай шығармашылық кеші және «Айтарым бар еді» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады аталған кітапхананың баспасөз қызметі.

Тағылымды іс-шараға жазушы С.Жұбатырұлы, ақын Ш.Әбдікәрімов, ақын-жазушы Т.Абылаев, Е.Абдуллаев, журналист Н.Соңғыбайұлы, ақынның сыныптас досы Т.Жұмағалиев және әдебиет пен өнер саласының өкілдері, ардагерлер қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

«Айтарым бар еді» атты кітапқа ақынның өлеңдері мен публицистикалық шығармалары топтастырылған. Жинақта туған жерге деген сүйіспеншілік, ел мен жердің қадірі, адамгершілік құндылықтар, өмір мен тағдыр, сағыныш пен азаматтық ұстаным секілді тақырыптар көрініс тапқан.

Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, қаламгердің әдеби мұрасы туралы естеліктер айтылды. Ақынның өлеңдері оқылды, арнау жырлар мен әндер орындалды. Жыршы, фольклортанушы ғалым Берік Жүсіповтің бейнеқұттықтауы ұсынылып, ақынның немерелері аталарының өлеңдерін оқыды.

«Тума талант, арда азамат» атты кітап көрмесіне ақынның кітаптары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар, фотосуреттер мен естелік материалдар қойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: