Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуі міндетті емес екенін айтты

21.10.2026, 10:45 51

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресей мен Украина басшыларының бетпе-бет кездесуі міндетті емес деп есептейді, деп хабарлайды Halyqline.kz Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Дональд Трамп бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеген. Оның айтуынша, Владимир Путин мен Владимир Зеленский тікелей кездеспей-ақ бейбіт келісімге келе алады.

— Олардың бір бөлмеде отыруы міндетті емес. Менің ойымша, олар келісімге басқа жолмен де келе алады. Оларға бір бөлмеде бірге болу қиын. Мұның қалай жүзеге асатыны мені қызықтырмайды, — деді АҚШ президенті.

Трамп Украинадағы соғыста ондаған мың әскери қызметшінің қаза табуы туралы хабарлардың тоқтағанын қалайтынын да жеткізді.

Бұған дейін АҚШ президенті Зеленскийдің ұстанымын сынаған болатын. Ал Украина басшысы Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Вашингтонның қазіргі саясаты Киевті Ресей талаптарын қабылдауға итермелеп отырғанын айтқан.

Сонымен қатар Зеленский Украина, АҚШ және Ресей басшыларының үшжақты кездесуін өткізу мүмкіндігін де жоққа шығармаған.

Фото: Adyrna.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: