Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyqline.kz.
Мемлекет басшысы бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Жолдау күннің бірінші жартысында жарияланады.
– Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауымды 28 қазанда күннің бірінші жартысында жариялауды жоспарлап отырмын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын, – деп жазды Президент.
Әзірге Жолдауда қандай мәселелер көтерілетіні туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!