Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

51 сайтта күмәнді инвестиция жобалары жарнамаланған

30.09.2026, 17:26 58

Қазақстандық 51 интернет-ресурста күмәнді инвестициялық жобаларды насихаттайтын 168 жарияланым анықталған. Мұндай деректі «Ақ жол» фракциясы Бас прокурор мен Мәдениет және ақпарат министріне жолдаған депутаттық сауалында келтірді.

Партияның 2023–2026 жылдар аралығында жүргізген мониторингі 48 жоба туралы материалды қамтыған. Депутаттардың мәліметінше, шетелдік интернет-жобалар өздерін инвестициялық брокер ретінде таныстырып, азаматтарға қаржы салуды ұсынады. Алайда жарияланымдарда лицензияның нөмірі мен оны берген орган туралы ақпарат көрсетілмеген.

«Мұндай материалдар әлеуметтік желілерде, өңірлік және салалық басылымдардың сайттарында жарияланып, “пікір”, “шолу” және “талдау” түрінде ұсынылады. Соның салдарынан азаматтар оларды тәуелсіз журналистік ақпарат ретінде қабылдайды», — делінген депутаттық сауалда.

Фракция бұл мәселенің биыл да жалғасқанын атап өтті. Құжаттағы мәліметке сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–шілде аралығында осындай қызмет белгілері бар төрт жоба жөнінде кемінде 19 жарияланым анықталған.

Депутаттар сауалда көрсетілген деректерге кешенді тексеру жүргізуді сұрады. Сондай-ақ күмәнді қаржылық қызметті жарнамалайтын материалдарды жедел анықтау және олардың таралуын тоқтату үшін салалық органдар мен құқық қорғау құрылымдарының тұрақты өзара жұмысын жолға қою ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: