Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

27.09.2026, 12:59 47

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 29011 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ақорда хабарламасында олардың әскери борышын атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық көрсеткені айтылған.

Мемлекеттік наградаға ие болғандар:

  • Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – матрос, атқыш;
  • Темірхан Ақжол Тимурұлы – матрос, атқыш;
  • Удалов Никита Александрович – маман, санитариялық нұсқаушы.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші де мемлекеттік наградалармен марапатталған еді. Олардың біріне Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын», 13-іне Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: