Шымкенттегі қонақүй кешендерінің бірінде полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы Астана тұрғынын ұстады.
Оның асаба болып жұмыс істейтіні анықталды. Тінту кезінде қонақүй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Күдіктінің айтуынша, тәркіленген заттар мефедрон және «мак» болған. Ол оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын түсіндірді.
Қазір сараптама жүргізіліп, заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: polisia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!