БОЯМАСЫЗ
Бір бауырымыздың әкесі өмірден өтті. Көңіл айттық. Құран бағышталып, марқұмның рухына дұға жасалды.
Кісі қарасы қалың. «Үш арсыздың» бірі – тамақ. Ішіп-жедік. Бет сипадық. Орнымыздан тұрдық. Дастарқанда қалып бара жатқан алма, кәмпиттен аз-маз салып алдық.
Айнала абыр-сабыр. Бірі қоштасып, бағана көпшілікте бір-бірін байқамай қалғандары қауқылдаса амандасып, үшіншісі әдеттегі тіршіліктің әңгімесіне көшіп жатыр.
Әрине, кім кетсе де бұл пәниден өмір өз арнасымен аға береді.
Ал есік көзінде марқұм әкесі төсек тартып жатқанда күні-түні жанында болған, басын сүйеген, аузына су тамызған, арман-аманатын тыңдап келген ұл көңілі босап, жанарын қайта-қайта сүртіп тұрды. Ер-азамат жыламайды деп кім айтты?!
Орны ойсырап қалған әкесін жоқтап тұр ғой деп жаным ашып, кеуде тұсым ауырып кеткендей болды.
Бірақ сыртқа шыға салысымен әркім өз тіршілігіміздің қамытын киіп кете бардық.
Адамның қайғысының салмағы тек сол жүрекке ғана аян!
Нұржамал ӘЛІШЕВА,
журналист.
Алматы қаласы
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!