Бүгін шаһар басшысы Нұржан Ахатов қала ардагерлерімен бірге «Қызылорда Саз-М» ЖШС заманауи кірпіш зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті құрылыс материалдарын шығаруды және отандық өндірушілерді жан-жақты қолдау жөніндегі тікелей тапсырмасы шеңберінде бой көтерген болатын. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге жеке инвестиция бағытталды. Жаңа өндірістік кешен индустриалды аймақтағы 7 гектар аумақты алып жатыр. Зауыт жылына 90 миллион кірпіш шығаруға қауқарлы. Бұл қаламыздағы құрылыс жұмыстарының қарқынын үдетіп, құрылыс материалдарына деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндіріс процесі толықтай автоматтандырылылған.
Ардагерлер өндіріс ошақтарының көбеюі қала құрылысының сапасын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтіп, зауыт ұжымының жұмысына табыс тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!