Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күбі піскен – айран, майы шыққан – ырыс

14.09.2026, 12:10 35

HALYQLINE.KZ

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 11 қыркүйек күні аудандық Руханият орталығында «Күбі піскен – айран, майы шыққан – ырыс» тақырыбында әйел-аналар арасында күбі пісіп, май алу бойынша сайыс ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған бөлімнің ресми парақшасында ақпарат жарияланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық тағамдары мен тұрмыс-салтын дәріптеу, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырту, әжелер мен келіндердің ұлттық тағам дайындаудағы шеберлігін көрсету және өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Сайысқа ауданға қарасты 10 ауылдан әйел-аналар қатысып, күбі пісу және май алу өнерінен өзара бақ сынасты. Қатысушылар ұлттық дәстүрді дәріптеп, өз шеберліктерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын – Пржанова Жұлдыз (Жетікөл ауылы);

ІІ орын – Мәмбекова Аймереке (Нағи Ілиясов ауылы);

ІІІ орын – Ерімбетова Динара (Ақжарма ауылы) иеленді.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шараға «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, аудандық Әжелер мектебінің төрайымы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері, ауданның әйел-аналары мен жастары қатысты.

Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап, атадан балаға мирас болған тағылымды дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: