АҚШ-тың федералды үкіметі мемлекеттік қызметке үміткерлермен сұхбат жүргізу кезінде жасанды интеллектіні қолдануды жоспарлап отыр. Жаңа технология алдымен Tech Force бастамасы аясында сынақтан өтеді.
Tech Force бағдарламасы сегіз ай бұрын іске қосылған. Оның мақсаты – жеке технологиялық секторда жұмыс істейтін мамандарды федералды мемлекеттік органдарға екі жыл мерзімге қызметке тарту. Үміткерлерді іріктеу барысында CodeSignal платформасы пайдаланылмақ.
Мұндай шешім АҚШ-тың Кадрлық қызмет жөніндегі басқармасының жаңа ұсынымдарынан кейін қабылданған. Ведомство федералды қызметке адам қабылдау процесі ұзаққа созылатынын ескеріп, мемлекеттік мекемелерге кадр іріктеуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды ұсынған.
Дегенмен маманды жұмысқа қабылдау секілді маңызды шешімдер толығымен жасанды интеллектінің құзырына берілмейді. АҚШ-тың Кадрлық қызмет жөніндегі басқармасы мұндай жағдайда адам тарапынан бақылау міндетті түрде сақталуы керектігін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!