Қазақ ССР балық шаруашылығының бұрынғы министрі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек ардагері, Қызылорда облысының және Арал ауданының Құрметті азаматы Құдайберген Саржанов дүниеден өтті. Бұл қайғылы хабарды Арал ауданының әкімдігі ресми парақшасында көңіл айту арқылы жеткізді.
Құдайберген Саржанұлы – Сыр өңірінде абыроймен еңбек етіп, халық мүддесі жолында аянбай тер төккен азаматтардың бірі.
Ол балық шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, Қазақ ССР Балық шаруашылығы министрі қызметіне дейін көтерілді.
Ол балықшылар ауылдарында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың салынуына ұйытқы болып, қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуға күш салды.
Арал теңізінің экологиялық қасіреті тереңдеген тұста Құдайберген Саржанұлы халықтың мұң-мұқтажын қорғауға белсене араласты. Арал, Балқаш проблемалары жөніндегі халықаралық қоғамдық комитеттің мүшесі ретінде өңір тұрғындарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заңнамалық жұмыстарға үлес қосты.
Туған жердің тарихын сақтау ісіне де айрықша мән берген ол Арал қаласында «Балықшылар мұражайын» ашуға бастамашы болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!