Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

26.08.2026, 9:30 47

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақорданың мәліметінше, жаңа құрамдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді. Шешім Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданды. 

Заңнамаға сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясын Президент сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей шақырады. Құрылтай төрағасы сайланғанға дейін бірінші сессия отырыстарына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы төрағалық етеді. 

Құрылтайдың өкілеттігі дәл осы бірінші сессия ашылған сәттен басталады. Жаңа Құрылтай 145 депутаттан тұрады, олардың өкілеттік мерзімі бес жыл. 

Дереккөз — Ақорда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: