Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған Шерхан Аймаханға үкім шығарды.
Сот оны некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг және аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп таныды. Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді. Прокурор оның жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмағанын мәлімдеді.
Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында ауыр пышақ жарақаттарынан қаза тапты. Тергеу дерегінше, Шерхан Аймахан бойжеткенді дүкен маңында күтіп тұрып, бірнеше рет пышақтаған. Қылмыстан кейін оқиға орнынан қашып кеткен ол екі күннен соң қаладан шамамен 10 шақырым жерден ұсталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!