Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

10.08.2026, 15:40 66

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Осы қызметті атқарып келген Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Президент өкімімен лауазымынан босатылды. Ол Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін 2024 жылғы 24 қыркүйектен бері басқарған.

Әділ Сүбебаев бұған дейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласында түрлі әскери қызмет атқарған. Қорғаныс министрлігінің ресми деректерінде оның полковник шенінде 97617 әскери бөлімін басқарғаны көрсетілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: