Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейден жанар-жағармай әкелуге тыйым салынды

18.07.2020, 12:16 513

HALYQLINE.KZ Бұл шара уақытша және 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады, – деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

  • Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы бұйрығын уақтылы бекіту өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (бұйрықтың қолданылу мерзімінің аяқталуы – ағымдағы жылғы маусым айы).

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары едәуір жоғары деңгейде, қосымша импорттық отын көлемі түсетін болса, бұл отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін, атап айтқанда:

– қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін төмендетуге;

– зауыттық резервуарлық парктердің, сондай-ақ елдегі барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне;

– соның салдарынан, мұнай өңдеуді мәжбүрлі түрде төмендетуге әкеп соғады, бұл дизель және авиациялық отын сияқты мұнай өнімдерінің басқа да бағалы түрлерін өндіруді төмендетуге алып келеді.

Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасына теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен бензин, авиациялық және дизель отынын әкелуге тыйым салуды енгізуде.

Бұл шара уақытша әрі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: