Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың биылғы бюджеті 226 миллиард теңгеге жетті

28.07.2026, 20:00 37

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жариялады.

Өткен жылы қала бюджеті 73 миллиард 100 миллион теңге көлемінде бекітілген еді. Жыл соңына дейін сол көрсеткіш екі есеге артып, 154 миллиард 200 миллион теңгеге жеткен.

– Ал, биылғы бюджет 94 млрд. 200 млн. теңге болып бекітіліп, қазіргі таңда облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер арқылы нақты көлем 226 млрд. 632,3 млн. теңгеге жетіп отыр. Қаржылар негізгі салаларға, атап айтқанда құрылыс, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамсыздандыру және кенттер мен ауылдық округтерді дамытуға бағытталуда, – деді қала әкімі.

1 шілдедегі жағдай бойынша қала бюджетінің түсімі 79 миллиард 739,7 миллион теңгеге орындалған. Жоспар 79 миллиард 143 миллион теңге болатын, яғни қазына межеден 100,8 пайызға асып түскен.

Салық базасын ұлғайту бағытында кірістер басқармасымен бірлесіп 6 526 салық төлеушімен жұмыс жүргізілді.

– Одан 2 млрд. 496,2 млн. теңге қосымша түсім түсіру жоспарланды. Бүгінгі күні орындалғаны 1 млрд. 683,7 млн. теңге, жыл аяғына дейін 812,5 млн. теңге түсім күтілуде, – деп толықтырды Нұржан Ахатов.

Әкімнің айтуынша, сан мен көрсеткіштің артында тұрғынның тұрмысын түзейтін тірлік тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: