Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БҚУ ректорына қатысты тергеу жүріп жатыр

24.07.2026, 15:00 68

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде растады, деп хабарлайды Halyqline.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде университет ректорының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан ректордың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша ұсталғанын және оның жұмыс орнында тінту жүргізілгенін мәлімдеген. 

Осы ақпаратқа байланысты Kazinform агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдаған.

ҰҚК жауабында ректорға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны расталды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген комитеттің ресми жауабында. 

Әзірге тергеудің нақты қандай бап бойынша жүргізіліп жатқаны, сондай-ақ Нұрлан Серғалиевтің процестік мәртебесі туралы қосымша мәлімет жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың әзірге жария етілмейтінін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: